+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді

2021 жылғы 24 қазан 15:15
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Ақтөбеде карантин жеңілдеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы 17-қазаннан бері «жасыл» аймақта. Бүгін карантин шектеуі жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды Ақтөбеде елік пен қоян атып алған күдіктілер қолға түсті АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

Ақтөбеде «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 05.00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі. Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат етілді. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, садақаға 50 адамнан, ал мейрамханада той жасағанда адам саны 70-тен аспауы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT