+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Коронавирус: Ақтөбе облысына тағы 4 мың доза вакцина жеткізіледі

2021 жылғы 2 наурыз 22:08
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Ақтөбе облысына тағы 4 мың доза вакцина жеткізіледі

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Наурыз айында Ақтөбеге тағы 4100 доза вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды фармацевтикалық кешені сәуірде 1,5 млн доза вакцина өндірмек Қызылордада вакцина салдыруға ниет білдірген тұрғындар саны өсті Әлем халқы вакцинацияға үміт артып отыр - эпидемиолог-дәрігер

Өткен тәулікте өңірде 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Ақтөбе қаласы мен Хромтау ауданының тұрғындары дерттің симптомды түріне шалдыққан.

Ауру көрсеткішінің өсу деңгейі - 0,1%.

Бүгінге дейін өңірде 4273 жағдай тіркелсе, оның 94 пайызы жазылды.

Қазіргі кезде үй карантиніне 700-ден астам адам бар.

Олар екі апта бақылауда болады.

Әкімдікте өткен ж иында облыс әкімінің бірінші орынбасары иммундау жұмысына тоқталды.

«Өңірде 480 медицина қызметкері «Спутник V» екпесінің екінші дозасын қабылдады. Наурыз айының басында тағы 4100 доза әкелінеді деп күтіліп отыр. 24 медициналық ұйымда екпені сақтайтын 41 мұздатқыш бар. Тағы 11 мұздатқыш камера алынады. Екпені тасымалдайтын 61 термоконтейнер бар. Қосымша 74 термоконтейнер алынады»,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов.

Өңірдегі мониторинг топтары 10 мыңнан астам тексеру жүргізді.

Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылып, 188 млн теңге айыппұл салынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT