+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Коронавирус: АҚШ-тың екі зообағында жануарларға вакцина сала бастады

2021 жылғы 23 қыркүйек 11:51
Бөлісіңіз:
Коронавирус: АҚШ-тың екі зообағында жануарларға вакцина сала бастады

ЖАҢА АНГЛИЯ. ҚазАқпарат – Franklin және Stone хайуанаттар бағының қызметкерлері коронавирус жұқтыруға бейім жануарларға вакцина сала бастады. Бұл туралы Жаңа Англия (АҚШ-тың солтүстік-шығыс аймағы) хайуанаттар бағының сайтында хабарланды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 9 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды Гинцбург: «Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін кез келген вакцина салдыруға болады Алматы облысында 850 мыңнан аса адам вакцина алды

«Жаңа Англияның Franklin және Stone хайуанаттар бақтарында жануарлар арасында COVID-19 жұқтыру оқиғалары болмағанымен, бұл вакцина – вирус жұқтыруға бейім жануарлар түрлерін қорғау үшін маңызды алдын алу шарасы», - деді Жаңа Англия хайуанаттар бағының аға ветеринары Крис Бонар.

Вакцинаны бірінші кезекте коронавирус жұқтыру қаупіне ұшыраған жануарлар алады. Вакциналау үшін Ptizer-дің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Zoties ветеринарлық фармацевтикалық компаниясының препараты қолданылуда. Zoties төрт апта интервалмен екі дозамен салынады.

Қауіп шеңберіндегі барлық жануарларды толық вакциналау үшін үш айдан төрт айға дейін уақыт қажет болады. Zoties ветеринарлық фармацевтикалық компаниясы 70-ке жуық хайуанаттар бағы мен жануарларды қорғайтын басқа да мекемелердегі 100-ден астам түрді қорғауға көмектесу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның 11 мыңнан астам дозасын бөлді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT