USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Коронавирус: АҚШ-та вакцинациядан өтпеген әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады

2021 жылғы 17 қазан 02:05
Бөлісіңіз:
Коронавирус: АҚШ-та вакцинациядан өтпеген әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-та коронавирусқа қарсы егілмеген әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 1 712 адам коронавирустан жазылды Қазақстанда бір тәулікте 11,5 мың адам коронавирус жұқтырды Apple компаниясы қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы екпе алуды талап етуде

АҚШ-та 28 қарашаға дейін коронавирусқа қарсы вакцина алмаған әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады. Әскери-теңіз күштерінің резервінде тұрғандар да вакцина алуға міндетті, олар үшін соңғы мерзім — 28 желтоқсан. Қазіргі уақытта Америка қорғаныс ведомствосының мәліметінше, әскери-теңіз күштерінің 94% COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өтті.

Украинада мемлекеттік мекемелер, маңызды салалардағы кәсіпорындардың қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен пошташылар коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Виктор Ляшко бұдан әрі тізімге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, коммуналдық кәсіпорындардың, муниципалдық мекемелердің қызметкерлері енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Италияда жұмыс орындарына кіру үшін міндетті COVID-сертификаттары қолданыла бастады. Green pass электрондық сертификаттарын енгізу туралы шешім бір ай бұрын мақұлданды. Италияда азаматтардың 80,8% коронавирусқа қарсы толығымен егілді, ал тұрғындардың 85% астамы вакцинаның бір дозасын алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT