+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Коронавирус: АҚШ-та 5 млн-нан астам адам науқастанып, Парижде көшеде де маска тағу міндеттеледі

2020 жылғы 9 тамыз 23:33
Бөлісіңіз:
Коронавирус: АҚШ-та 5 млн-нан астам адам науқастанып, Парижде көшеде де маска тағу міндеттеледі

ЛОНДОН. ВВС ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні жаңа коронавирус анықталған америкалықтардың жалпы саны 5 миллионнан асып, Бразилияда Covid-19-дан көз жұмғандар саны 100 мыңнан асқан.

Ұқсас жаңалықтар
ДДҰ шекарадан өткен кезде COVID-19 вакцинациясын  талап ету міндетті емес деп санайды Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды

Британия премьер-министрі оқушылар мектепте оқулары керек екенін айтса, Парижде көшеде де маска тағып жүру міндеттелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ крронавирустық инфекция жұқтыру бойынша әлем бойынша бірінші орында. Алғашқы үштікке Бразилия да кіреді. Ол жақта аталған ауруды жұқтырғандар саны 3 миллионнан асады. Одан кейінгі орында Үндістан тұр. Ол жақта Covid-19 жұқтырғандар саны 2 миллионнан асады.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 880 мың. Бұл мемлекет ауру жұқтыру бойынша төртінші орында тұр. Соңғы тәулікте Мәскеуде инфекция жұқтырғандар көп тіркелген. Саны - 689.

Ресми дерек бойынша, кеше Ресейде Covid-19 диагнозы қойылған 77 адам көз жұмған. Ал осы дерттен көз жұмғандардың жалпы саны 15 мыңға жуықтап қалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT