Коронавирус: Ақмола «сары» аймаққа өтті, «қызыл» аймақта – екі қала, төрт облыс тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Шымкент қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.

Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймаққа өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар