+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Коронавирус: Ақмола облысындағы мектептер тексерілуде

2020 жылғы 16 қазан 20:39
Бөлісіңіз:
Коронавирус: Ақмола облысындағы мектептер тексерілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қоғамдық топ мүшелері білім беру нысандарының санитарлық талаптарға сай болуына тексеріс жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Щучье қаласындағы мектептерге мониторинг жүргізген Ақмола облысы бойынша қоғамдық бақылау тобының үйлестірушісі Олеся Баимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Щучье қаласындағы сегіз мектепте мониторинг жүргіздік. Тексеріс кезінде сыныптарда санитайзер мен масканың, мұғалімдер мен оқушылардың қызуын бақылап отыратын тіркеу журналының, сондай-ақ, кварц шамы мен кестесінің болуына назар аударылды. Байқанымыздай, барлық мектептер санитарлық талаптарға сайға жұмыс істеуде», - деді Олеся Баимова.

Сонымен бірге, ол қазіргі кезде өңірде карантиндің режимнің күшейтілуіне байланысты мектептерде антисептик, маска және өзге де қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтық, маска режимінің сақталуына ерекше көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.

«Оқушыларды мектепке кіргенінен бастап, шыққанына дейін тексеріп отырады. Коронавирус инфекциясының қаупін оқушыларда түсінеді. Әр сыныпта болғанымызда оқушылар арасында әлеуметтік қашықтық сақталған, оқушылар мен мұғалімдер маска тағып жүреді. Тіпті, әр сыныпта оқушыларға қолды қалай жуу керектігі туралы ереже де ілініп тұр. Жалпы, мектептер маска, антисептик және сұйық сабындармен қамтамасыз етілген, қоймаларында қажетті заттардың желтоқсан, қаңтар айларына дейін жеткілікті қоры жасалған», - деп толықтырды Олеся Баимова.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы тамыздың 11-інде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі медициналық мекемелердің ішіндегі жағдайды бақылау бойынша халық белсенділерінен құралған қоғамдық бақылау құрылатынын атап өткен еді. Бұл бастама ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан қолдау тапқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT