Коронавирус: Ақмола облысында 88 мыңнан астам адам екпе алды
2021 жылғы 21 мамыр 00:45

Коронавирус: Ақмола облысында 88 мыңнан астам адам екпе алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күнге дейін Ақмола облысында 88 мыңнан астам адам екпе алды. Осы ретте облыс орталығы – Көкшетау қаласынан бөлек, Степногорда да тұрғындарға вакцина салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде бірінші кезектегі міндет – тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу.

Бұл үшін өңірде барлық ықтимал пәрменді шаралар мен шектеулер қабылданып жатыр.

Ауруды жеңуге және бұрынға қалыпты өмірімізге оралуға мүмкіндік беретін жол – екпе салу.

«Степногор өңірінде вакцина партияларының түсуіне сәйкес халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жоспарлы түрде жүргізілуде. 4,7 мың адам екпе алды. Бірінші кезеңде вакцинация денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында жүргізілді. Қазіргі уақытта ұжымдық өтінімдер орындалып жатыр, сондай-ақ сауда орталықтарында вакцинация жүргізілуде, тұрғындар, соның ішінде қарттар да вакцинацияға белсенді қатысуда» - дейді қалалық емхана әкімшілігі.

Аймақтағы денсаулық сақтау саласында біршама өзгерістер қарқын алып келеді.

Өткен жылдың шілде айында қалалық емхана «Viamedis» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік әріптестігіне берілді.

Бүгінде ғимаратты күрделі жөндеу аяқталу сатысында, бөлімшелердің бір бөлігі жаңа форматта жұмыс істеп жатыр.

Жаңа жабдықтар сатып алынды: компьютерлік томограф, сандық рентген аппараты және маммограф, УДЗ аппараттары, ЭКГ аппараттары.

Операциялық блокты ашу жоспарда бар, бұл амбулаториялық негізде операциялық араласудың кең спектрін орындауға мүмкіндік береді.

Кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші жақсарды. Мәселен, дәрігермен қамту 71 пайыздан 78 пайызға дейін, орта медициналық персоналмен қамту 78 пайыздан 81 пайызға дейін өзгерді.

Сондай-ақ, «Viamedis» ЖШС Бестөбе кентінде жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысын аяқтап қалды. Оны биылғы жылдың үшінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

Жалпы облыс бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша 3 нысан құрылды (Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхана, Шортанды ауданының Степное ауылында ауысымда 25 адам қабылдайтындәрігерлік амбулатория, Целиноград ауданының Софиевка ауылында 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория).

Сонымен қатар, Целиноград ауданы Қосшы ауылында аудандық емхананың құрылысы аяқталып қалды.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT