10:15, 05 Наурыз 2021 | GMT +6
Коронавирус: Ақмола облысы «жасыл аймаққа» өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанда 5 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары «сары аймақта» тұр.
Қалған өңірлер «жасыл аймақта».