Коронавирус: Ақмола әкімі азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясы таралауының тәуекелін төмендету бойынша алдын алу және сақтандыру шараларының қабылдануына байланысты Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың азаматтарды жеке қабылдауы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы таралауының тәуекелін төмендету бойынша алдын алу және сақтандыру шараларының қабылдануына байланысты, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдаулары уақытша тоқтатыла тұрады» деп хабарлайды әкімдік.

Бұған дейін қабылдауға жазылған азаматтардың кезегі сақталады. Қабылдауды жандандыру туралы ақпарат барлық қолжетімді интернет-ресурстарда қосымша жарияланады.

«Халық «е-gov» электрондық үкімет порталы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы жазбаша түрде өтініш білдіре алатынын атап өтеміз. Орын алған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, түсіністікпен қарайтындарыңызға сенімдіміз», - деп көрсетілген әкімдіктің әлеуметтік желідегі жазбасында.


Соңғы жаңалықтар