Коронавирус: Air Astana ұшу кестесін өзгертті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Air Astana әуекомпаниясы ҚР ДСМ бекіткен профилактикалық шаралар негізінде ұшу рейстерінің кестесін өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың 1 наурызынан бастап «Нұр-Сұлтан – Сеул – Нұр-Сұлтан» бағытындағы әуе рейстері аптасына 2-ден 1-ге дейін қысқарды. «Алматы–Сеул-Алматы» бағытындағы рейстер аптасына 5-тен 1-ге дейін қысқарды. 5 наурыздан «Нұр-Сұлтан – Баку» және кері бағыттағы рейстер тоқтатылды. Алматыдан Бакуға шығатын рейстер аптасына 1-ақ рет шығатын болады. 6 наурыздан бастап Алматыдан Гонконгқа шығатын рейс тоқтатылады.

Сонымен қатар әуе компаниясы короновирус жұқпасы шыққан елдерге маршрут желісін оңтайландыруға көшті.

2020 жылдың 31 мамырына дейін Нұрсұлтаннан Парижге, Алматыдан Куала Лумпурға шығатын рейстер тоқтатылады.

«Алматы – Мумбай» бағытындағы рейстерге де шықпайтын болды.

Мұның алдында билет алып қойған жолаушылар ұшу уақытын өзгертіп немесе айыппұлсыз билеттерді қайтара алады.

«Аir Astana үшін ең бастысы жолаушылардың қауіпсіздігі болып отыр. Жұқпалы ауруды болдырмау үшін профилактикалық шараларды қолданамыз. Барлық халықаралық рейстерде біз экипаждың тазалығын мұқият тексереміз. Олардың барлығына санитайзерлер беріледі, ұшақтар екі рет дезинфекциялық құралдармен жуылады», - деді Air Astana сауда бойынша диреткоры Ислам Секербеков.


Соңғы жаңалықтар