Коронавирус: 94 қазақстандық шетелден анықтамасыз ұшып келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Корей, Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен барлығы 16 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, барлығы 1 764 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 1670 адамда коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 94 азамат келген, барлығы да Қазақстан азаматтары.
Атап айтқанда,
- Алматы қаласының әуежайына – барлығы 7 рейс қонған, 1 401 жолаушы болған, оның ішінде анықтамамен - 1 350, анықтамасыз - 51;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен – 319, анықтамасыз - 3;
- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;
- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 40 жолаушы анықтамасыз келді.
«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ таратылған ақпаратқа сәйкес, 11 қаңтар күні шетелден коронавирусқа анықтамасыз ұшып елген Қазақстанның 163 азаматының ПТР-тест қорытындысы дайын болған. Олардың ешбірінен коронавирус анықталмады.
- Төлеби ауданында тұратын келіншек 18 жыл азаматтық ала алмай келген
- Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады
- Қостанай облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды
- Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді
-
Бұрынғы әйелінің мазасын алғаны үшін 300 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегілді – ШҚО
-
Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам