Коронавирус: 6 облыс пен екі қала әлі де «қызыл» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 27 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ.

Яғни, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы әлі де «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды бар.

Жалпы Қазақстан аумағы «қызыл» аймақта орналасқан.

Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – «жасыл» аймақта.


Соңғы жаңалықтар