Коронавирус: 576 адам қандай ілеспе аурулардан көз жұмған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирус жұқтырған 576 адамның қандай ілеспе аурулардан қайтыс болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде 576 адам коронавирус инфекциясына шалдығып, ілеспе диагноздан қайтыс болған. КВИ науқастарында ең жиі кездесетін ілеспе патология – тыныс алу органдарының аурулары, яғни 52,4 пайыз. Қан айналымы жүйесі ауруларынан 29 пайыз, ісіктерден – 4 пайыз адам қайтыс болған және қалған 14,6 пайызы басқа патологиялардан көз жұмды», - деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша елімізде COVID-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 106 661-ге жетті. Оның ішінде жазылып шығу көрсеткіші 94,1 пайызды құрады немесе 100 409 адамға жетті.

Соңғы бір тәулікте Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының бірде-бір оқиғасы тіркелген жоқ.

Қазақстанда коронавирустың жаңа толқынына дайындық қызу жүріп жатыр.

Сондай-ақ Б.Қожахметов демалыс күндергі карантиндік шектеулер қандай жағдайда алынатынын түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар