Коронавирус: 308 науқастың ахуалы нашар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 тамыз күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 308 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай әр тәуліктегі ахуал туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.

Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.


Соңғы жаңалықтар