Коронавирус: 259 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 желтоқсандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 25 350 адам короновирус инфекциясынан (13 622 КВИ+ және 11 728 КВИ-) ем алуын жалғастыруда. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

25 350 науқастың 4 482-сі – стационарда, 20 868 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:

- 259 адамның жағдайы ауыр;

- 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар