Коронавирус: 2 облыс «қызыл», 6 өңір «сары» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 14 қаңтардағы ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, яғни 13 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Қостанай облысы болған еді. Бүгінгі матрица осы екі облыспен қатар, «қызыл» және «сары» аймақтың ортасында Нұр-Сұлтан тұрғанын көрсетіп тұр . «Сары» аймақта елордамен бірге Алматы қаласы және Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймақтан шықпай тұр.


Соңғы жаңалықтар