Коронавирус: 2 мыңнан аса адам стационарларда жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус жұқтырған 2 199 науқас стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомоствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 679 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 125 жеткіншек бала бар. Стационарларда 2 199 науқас жатыр. 480 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 8 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар