Коронавирус 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп анықталуда - Қызылорда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан науқастардың басым бөлігінен клиникалық ауыр жағдайда анықталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы күндерде өңірде мутацияланған үндістандық «Дельта» штамының бар екендігі нақтыланды. Яғни, республикалық референс зертханасына 22 сынама жолданып, оның 13-нен вирус штамының серотипі анықталды.

«Осыған байланысты елімізде және өңірде ауру күннен күнге көтеріліп, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Аурудың басым көпшілігі клиникалық белгісмен ауыр ағымда анықталуда. Тағы бір айта кетерлігі, 14 жасқа дейінгі балалар арасында, оның ішінде 1 жасқа дейінгі нәрестелер арасынан анықталуда. Былтыр балалар арасында 50 жағдай тіркелсе, ол биылғы жыл басынан бері 280 жағдайға жетті. Коронавирустың «Дельта» штамы ауруханаға жатқызу мен өлім-жітімнің жоғары ықтималдығымен байланысты. Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Айта кетейік, өңірде 106 екпе кабинеті болса, 3 егу пункті ірі сауда орталықтарында ұйымдастырылған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 167 мыңнан астам адам вакцина салдырды.


Соңғы жаңалықтар