Коронавирус: 131 адам ауруханадан шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Уханьнан эвакуацияланған Қазақстанның 83 азаматының 12-сі ЖРВИ-ге байланысты ем қабылдап жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Медициналық ұйымдар Қытайдан 6 қаңтардан кейін тұрғылықты жеріне келген азаматтардың денсаулығын бақылауды жалғастыруда. Барлығы 24 154 адамға бақылау жасалды. 15 878-і мониторингтен шығарылды. Соңғы 14 күнде 8 276 адам қаралып, 1 609 адам медициналық тіркеуге алынды. Жалпы, 13 ақпанда 151 адам дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға түсті. 131 адам ауруханадан шығарылды. 20 адам ауруханада. Науқастардың жағдайы жақсы»,- деді министрліктің ресми өкілі.
Оның атап өтуінше, эвакуацияланған Қазақстан Республикасының 83 азаматының 12-сі ЖРВИ-ге байланысты ем қабылдап жатыр. Сондай-ақ Уханьнан эвакуацияланған Беларусьтың 5, Арменияның 1 азаматының жағдайы жақсы.
«Уханьнан эвакуацияланған Қазақстан Республикасының Ресейдің Түмен қаласындағы - 3, Өзбекстанның Ташкент қаласындағы 5 азаматының денсаулықтары жақсы. Олардың шағымдары жоқ», - деді Диас Ахметшәріп.
- «Ashyq» : Ақтөбеде 200-ден астам бизнес субьектісі жұмысын кедергісіз жүргізе алады
- Коронавирусқа қатысты ауқымды статистика мамырда дайын болады - ДСМ
- Бурабай ауданында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды: полиция іс қозғады
- Фармацевтикалық өндіріс Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қашан өтеді
-
15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
-
Қазақстанда вакцинаның қанша дозасы қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам