+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Коронавирус: 1,7 мыңнан астам медицина қызметкері өтемақы алды

2020 жылғы 21 қыркүйек 12:26
Бөлісіңіз:
Коронавирус: 1,7 мыңнан астам медицина қызметкері өтемақы алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19-бен күресуге тартылған 1 727 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 24 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды. Бұдан бұрын хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға беріледі. Осыдан соң төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі», - делінген Еңбек министрлігі хабарламасында.

21 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 727 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 24 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (393) және Алматы (373), Шымкент (102) қалалары, Қарағанды (115), және Ақмола (107) облыстары бойынша жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығына биылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем: коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге, ал COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына 10 млн теңге көлемінде төленеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT