Корней Чуковскийдің немересі қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында 84 жасына қараған шағында танымал әдебиеттанушы, құқық қорғаушы, ғалым Елена Чуковская қайтыс болды, деп хабарлайды Росбалт.

Елена Чуковская 1931 жылы дүниеге келді. Білімін МГУ-дің химия факультетінде алса да, көп уақытын әдебиетке бөлген. 1987 жылға дейін электроорганикалық қоспалар ҒЗИ-да жұмыс істегеніне қарамастан, Елена Чуковская Борис Пастернак туралы еске алулардың авторы болып табылады, оның күш салуының арқасында танымал атасы Корней Чуковскийдің күнделігі басып шығарылды. Бұдан басқа, ол 1974 жылға дейін Александр Солженицынді оның КСРО-нан жөнелтілуіне дейін қолдап отырған.

Ол Корней Чуковскийге «Чукоккала» кітабын дайындауға белсенді көмектескен, содан кейін Переделкинодағы Чуковский атындағы үй-мұражайының ұйымдастырушысы әрі бірінші экскурсия жетекшісі болған.

2011 жылы Чуковская отбасының мұрасын сақтағаны үшін және ХХ ғасырдың екінші жартысындағы отандық әдебиетке көрсеткен жауапты көмегі үшін Александр Солженицыннің сыйлығымен атап өтілді.

Елена Чуковская Переделкинодағы жазушылар қалашығында орналасқан зиратта жерленеді.

Соңғы жаңалықтар