Корнавирус: Маңғыстауда 5 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 22 қазандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 62 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 62 науқастың ішінде 6-да коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Ал қалған 56 адамда коронавирустық пневмония анықталған.

«Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 5 науқас жатыр. Оның 4-нің жағдайы ауыр, тағы 1 науқас өте ауыр хәлде деп бағалануда. Үй карантинінде оқшауланып отырған 12 адам бар. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп», - делінген хабарламада.

Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 29 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.



Соңғы жаңалықтар