Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде - Үкімет

2019 жылғы 23 шілде 09:45 248
Бөлісіңіз:
Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде - Үкімет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтарға қай елден көп ақша жіберіледі Қазақстанда азық-түлік бағасын бақылайтын сайт құрылады Сауда нысандарының 30% аумағына отандық тауарларды қою міндеттелді

«Ағымдағы жылы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар жоспары әзірленді. Жыл соңына дейін Мемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленетін болады. Онда мемлекеттік аппаратты онтайландыру, кадрлық жоспарлау және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері көрініс табады. Бюджеттік жоспарлау мен мемлекеттік қаржыны пайдалану тиімділігін арттырудың жүйелі мәселелерін шешу үшін Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша тиісті Жол картасы бекітілді. Жол картасының орындалу барысы туралы алдын ала есеп күзде ұсынылатын болады», - деді Ә. Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы стратегиялық жоспарлардың рөлін арттыру бөлігінде нормативтік негіз дайындау жоспарланып отыр. Оларды қарау кезінде, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері саланы және тұтастай елдің одан әрі дамуына әсер ететін нысаналы индикаторларға қол жеткізу тұрғысынан қаражат бөлу қажеттілігін дәлелдейтін болады. ҰЭМ жанынан мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізділігін қарау жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылатын болады.

«Жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекіту кезінде бөлінетін лимиттер аясында мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына ғана қолдау ұсынылады. Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі. Сондай-ақ, көрмелер, конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде. Өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша имидждік іс-шараларға сатып алудың ең көп сомасы жергілікті бюджеттерге тиесілі болды. Жақын арада жол картасын әзірлеу аяқталады және республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында осы шығыстарды оңтайландыру бойынша қажетті іс-қимылдар алгоритмі анықталатын болады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, ҚР Үкіметі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT