Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде көркем гимнастикадан өткен Гран-приде төрт дүркін әлем чемпионы Александра Солдатова Димаш Құдайберген орындаған «Любовь уставших лебедей» әнімен өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы Гран-при чемпионатына Ресей өкілі «Любовь уставших лебедей» әнімен шықты. Тамаша өнер. Оған табыс әкеледі деп үміттенемін. Үлкен жеңістер тілеймін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.

Айта кетейік, биылғы маусым 16-17 ақпан күндері Мәскеуде өтіп жатқан Гран-при кезеңімен басталады. Онда Александра Солдатова қола медальды қоржынға салды.

Спортшының айтуынша, бұл жолы өнерін толық көрсете алмаған.

«Ойымдағының бәрін істей алмадым, толқу әсер етті. Жоспардағының 25 пайызын ғана көрсете алдым. Осы нөмірді жетілдіру қажет, содан кейін бұл нөмір нағыз спектакльге айналады», - дейді гимнастшы.

Гүлжан Тасмағанбетова


Фото: © EPA-EFE/JAVIER LOPEZ HERNANDEZ

Соңғы жаңалықтар