Қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады – аға инспектор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғау нұсқамасы зорлық-зомбылықтың алдын алады. Бұл туралы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шырахметова баспасөз конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аға инспектордың айтуынша, кейде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйел полиция қызметкерлеріне шағым жасамай-ақ жолдасын кешіре салады, кейде ерлі-зайыптылар сот залында татуласып жатады.
«Әйелдер бақ-береке, тыныштықты жақсы көреді, сол себепті өзіне күш көрсеткен жұбайын кешіре салады. Мұндай жағдайда агрессормен профилактикалық әңгімелесу болады, яғни отбасыны есепке алып, бір ай бойы профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Қорғау нұсқамасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады», - дейді Гүлмира Шырахметова.
Оның айтуынша, осы жылдың үш тоқсанында 6 мыңнан астам ерлі-зайыптыға немесе бұрынғы ерлі-зайыптыға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Осы кезеңдерде 164 балалы әйел Дағдарыс орталығына орналастырылды.
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы қорғау нұсқамасы шығарылған адамдарды бақылауда ұстайды. Зардап шегушімен байланыста болып, жәбірлеуші оны мазалап жүрген-жүрмегенін анықтайды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде қорғау нұсқамасындағы ережелерін бұзған 78 факті анықталды.
- Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
- Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
- Шымкент полицейлері қонақүйдегі арыстанды іздестіріп жатыр
- Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды
-
Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы
-
Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам