+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

«Қорғастағы» көліктік бақылау құзыры мемлекеттік кірістер органдарына берілмек

2016 жылғы 29 қараша 15:56
Бөлісіңіз:
«Қорғастағы» көліктік бақылау құзыры мемлекеттік кірістер органдарына берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат «Қорғастағы» көліктік бақылау жұмыстары мемлекеттік кірістер органдарының құзырына берілмек. Бұл туралы бүгін Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның төрағалығымен өткен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында еліміздің Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы теңіз өткізу пункттерінде және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында көліктік бақылау функциясын мемлекеттік кірістер органдарына беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы жобасының тұжырымдамасын таныстырды.

«Бұл тұжырымдаманың басты мақсаты - Ақтау теңіз портындағы және «Қорғастағы» автокөлік бақылауын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көліктік бақылау комитетінен алып, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комтетіне беру болып отыр. Қазіргі уақытта бізде бір терезе қағидаты енгізілген. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитетіне мемлекеттік шекарадағы бақылаудың біраз түрі берілген. Бірақ, олар автокөлік өткізу бекеттеріне қатысты. Алдағы уақытта дәл осы қағиданы теңіз порты мен Қорғаста да қолдана отырып, екі бақылау түрін Мемлекеттік кірістер комитетіне беруді көздеудеміз. Бұл біріншіден, уақыт үнемдейді. Екіншіден, уақыт үнемделген соң қаржы да үнемделеді деп есептейміз. Заң жобасының жүзеге асырылуы бюджеттен ешқандай қосымша қаржы талап етпейді», - дейді Ардақ Теңгебаев.

Автомобиль өткізу пункттерінде көліктік бақылау функцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарына беру автомобиль өткізу пункттерінде екі мемлекеттік органның болу қажеттілігін және қосарланған тексеруді жоюға мүмкіндік берді. Осыған байланысты, теңіз өткізу пункттерінде және «Қорғас» ШЫХО көліктік бақылау функцияларын бір мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының жүргізуі мақсатқа сай болып табылады.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін, мемлекеттік кірістер органдарының теңіз өткізу пункттерінде және «Қорғас» ШЫХО-да көліктік бақылау функцияларын жүргізу бойынша құзыретін бекіту бөлігінде Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған заңнамалық актілеріне өзерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT