Қорғастағы адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қорғастағы адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті ретінде 1995 жылғы азамат қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат Панфилов ауданының тұрғыны. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 1992 жылғы азамат Жаркенттегі ауруханаға жеткізілгенде қайтыс болған», деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Айман Мырзекова.

Бұл оқиға 4 маусым күні шамамен сағат 16:00-де болған. Екі азамат арасындағы кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қолына пышаққа ұқсас суық қару ұстаған жігіт келесі адамның кеуде тұсына  сұғып алғаны анық көрінеді. Қансырап, құлап қалған азаматты  жанындағылар қаумалап, алып кетеді. Және бұл бейнежазба әлеуметтік желі арқылы таралды. Қайтыс болған жігіт те Панфилов ауданының тұрғыны. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері аталған қайғылы жағдай Қорғас шекара маңы аумағында болғанын растады.

Соңғы жаңалықтар