Қорғаста тауар жеткізушілер тексерілуде - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытаймен шекарадағы тауар айналымы туралы деректердің алшақтығын жою үшін көтерме сауда тауарларын жеткізушілердің үстінен тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлім етті.

«Қытай шекарасындағы мәселе үнемі көтеріледі. Президенттің тапсырмасына байланысты жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Бас Прокуратураның, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппарат өкілдері кірді. Қазір олар Қытай шекарасында өкілетті экономикалық операторлардың үстінен тексеру жүргізіп жатыр. Қалған қатысушылардың үстінен ешқандай тексеру жүріп жатқан жоқ. Шекарадағы бүкіл рәсімдер штаттық режимде орыдалуда, ешқандай кептеліс жоқ», - деді комитет басшысының орынбасары.

Айтуынша, аталған жұмыс тобы тек өкілетті экономикалық операторларды ғана тексеру үшін шыққан.

«Бұл өздері жеке санатқа жатады. Олар ірі бизнеске көтерме сауда жеткізуді орындайды. Тексерудің қорытындысы бойынша Бас Прокуратураның Қаржылық мониторинг агентігінің өкілдерімен бірге жеке есеп береміз. Қысқа уақыттың ішінде қандай да бір қорытынды бар деп айта алмаймыз. Толыққанды қорытынды есеп түрінде шығарылады. Оның таныстырылымына БАҚ өкілдерін де шақырамыз деп ойлаймын», - деді Қайрат Миятов.


Соңғы жаңалықтар