«Қорғаста» шекарашылар қойын-қонышына 15 телефон жасырған әйелді ұстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қорғаста» шекарашылар 15 телефонды киімінің ішіне жасырып алып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара жасағы бақылаудың барлық түрін өтіп болып, Қазақстанға қарай бет алған 1978 жылғы қазақстандық азаматшаны ұстады.

nullЖүріс-тұрысы күдікті болып көрінген азаматшаны жеке алып шығып тексерген кезде оның қойын-қонышына 15 дана ұялы телефон табылды», делінген хабарламада.

Заңсыз тауар актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар