«Қорғаста» шекарашылар 209 келі дәрі-дәрмек тауып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғаста» шекарашылар 209 келі дәрі-дәрмек тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап

«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекарашылар Қазақстанға кіре беріс залдан жалпы салмағы 209 кг иесіз жүк тауып алды. Рұқсат қағаздары жоқ жүк түгелімен Қытайда шығарылған дәрі-дәрмек екен», - делінген хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тауар иесі жақындап келе жатқан шекарашыларды көрген кезде жүгін тастай салып қашіп кеткен.

Иесіз дәрі-дәрмекке хаттама толтырылып, құжаттар «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар