Қорғаста қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бөгет салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қорғас - үлкен трансшекаралық өзен. Бұл екі үлкен мемлекеттің арасындағы шекараны айқындайды, оның үстіне мінезі бар өзен. Оның тек қана Қазақстан жағындағы бөлігінде үлкенді-кішілі көлдер бар. Осы көлдер көктемгі су тасқыны кезінде екі жаққа да бірдей қауіп төндіруі әбден мүмкін. Екіншіден, «Қорғас» - Қазақстандағы үлкен кеден бекеті. Бұдан аса ауқымды көлемде жүк тасымалы өтеді. Үшіншіден, кеден бекетінің түбінде халықаралық маңызы бар ауқымды құрғақ порт дүниеге келіп отыр. Осы себептерге байланысты «Қорғас» өзені көктемде екі жаққа қауіп төндірмеуі үшін мемлекеттер арасында тиісті келісімге қол қойылған», - деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхамед.

Атап айтқанда, «Қорғас» өзеніндегі «Шүкірбұлақ» бөгетінің құрылысын Қазақстан мен Қытай бірлесіп қаржыландырады. Өткен жылдың маусым айында біздің Үкімет пен Қытай Үкіметі арасында «Қорғас» өзенінде «Шүкірбұлақ» бөгетін бірлесіп салуға арналған келісімге қол қойылды. Аталған бөгет «Қорғас» халықаралық орталығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Себебі орталық өте жоғары сел мен тасқын қаупі бар аумақта орналасқан.

Белгілі болғандай, құрылыстың жалпы сметалық құны 11,7 млрд теңге. Бұған керекті қаражат 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетте қаралған.

Соңғы жаңалықтар