«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қазақстанның экспорттық-транзиттік әлеуетін арттырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қазанда «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Ұлттық компаниясы БАҚ өкілдеріне «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Қорғас-Шығыс қақпасы» Арнайы экономикалық аймағының (АЭА) нысандарына сапар ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ»-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытай шекарасында Еуразиялық құрлықтағы маңызды екі ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Олар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ны құру мен кешенді дамыту» және «Қорғас» Халықаралық шекаралық серіктестік орталығын құру» жобалары.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру мен кешенді дамыту» жаңа экономикалық саясатты орындау мақсатындағы жобаларды жүзеге асыру Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз етеді.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА географиялық жайлы орналасуы Қытайдан Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне, ТМД аумағына, Еуропаға, Түркияға, Парсы шығанағы елдеріне алып барады. Мульдимодальдық логистика, ірі өндірістік кәсіпорындарды дамыту мен сауданы оңтайлы ұйымдастыру бұл өңірдің әлемдік деңгейдегі дистрибуциялық орталық болатындығын әйгілейді.

Жетіген-Қорғас, Жезқазған-Бейнеу темір жолдары, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, Ақтау порты, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның технологиялық тізбегі  Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйесіне ықпалдасуына мүмкіндік әкеледі.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның маңызды бөлігі Құрғақ порт саналады. Бұл Қазақстандағы ең үлкен жердегі порты және Орта Азиядағы ең ірі логистикалық парк.

«Khorgos-Gateway» ЖШС Бас директоры Карл Гейссеннің айтуынша, «бүгінгі таңда 2016 жылғы (қаңтар- қазан) көрсеткіш бойынша 73234 ЖФЭ контейнерге жүк тиеу көлемі орындалды. Контейнер айналымы 2016 жылы (қаңтар-қазан) 59106 ЖФЭ құрады.

null  

Қытай темір жолының ресми статистикалық мәліметі болжамына қарағанда, ҚХР- ЕО бағдарына жылына 5000 дана контейнерлік пойыз жіберіледі. 2020 жылдарға қарай бұл көрсеткішті 500 мың ЖФЭ-ке жеткізу жоспары бар.

Биылғы жылы осы бағдарға 95 000 ЖФЭ контейнеріне жеткізу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 1100 ЖФЭ құраған болатын.  

Темір жол арқылы жалпы транзиттік тасымалда  Ляньюньганнан - Санкт-Петерборға 10-13 күнде жүк жеткізу мүмкін болса, Ляньюньганнан - Ыстамбұлға 20-23 күнде жеткізіледі. Шығыс Қытайдан Еуропаға теміржолмен транзиттік жүк Еуропаға 14-15 күнде жетеді.

Құрғақ порттың көп бөлігі темір жол жүк терминалы мен логистикалық аймаққа арналған. Бұл өңірде көтерме сауда, өткізу, сақтау қоймалары орналасқандығын атап өтті. Олар ұлттық, аймақтық, халықаралық сұраныстарды қамтамасыз етеді. Индустриялық аймақта бірқатар өндіріс орындары, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тері - былғары шикізаты, машина құрастыру мен құрылғыларын жасау нысандары да орналасатын болады.

Қазіргі таңда Құрғақ порттың индустриялық және логистикалық өңірінің құрылысы аяқталуға жақын.

null  

Қытай шекарасында тағы бір ірі жоба - «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестігі орталығы (ХШСО) құрылысы коммерциялық келісімдердің және шекаралық сауда операцияларының алаңына айналады, бизнес серіктестікті белсенді жүргізуге ықпал етеді.

«Қорғас» ХШСО президенті Қ. Жазин халықаралық шекаралық сауданы дамыту, мәдени және ғылыми тәжірибе алмасу, ойын-сауық инфрақұрылымы туралы әңгімеледі. Осыған байланысты орталық құрылысының Бас жоспарына  және Тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Қ. Жазиннің айтуынша, ХШСО орталығының нормативтік- құқықтық басзасы жетілдірілуде. Оның ішінде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қорғас» ХШСО АЭА құру туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Сонымен қатар, ХШСО аумағын кіріп-шығуды реттеудің әдістемелігі жасалып, багаж жүктерін қабылдау қызметін жақсарту, орталыққа келушілерді бірыңғай  төлем жүйесімен қамту көзделуде.

null  

Қ. Жазиннің айтуынша, ХШСО толыққанды жүзеге асыру 2018 жылға жоспарланып отыр.

Баспасөз сапарына қатысушылар Алтынкөл стансасында, Нұркент ауылында болды.

 

null 

Соңғы жаңалықтар