Қорғас өзенінде сел ұстайтын бөгеттің құрылысы басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қорғас өзенінде «Шұқырбұлақ» сел ұстайтын бөгетінің құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан-Қытай елдерінің бірлескен халықаралық жобасы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) объектілерін, қолда бар инфрақұрылымды және жақын маңдағы елді мекендерді сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған.null

Шараға Қазақстан Республикасынан Ішкі істер, Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Алматы облысы әкімдігінің, «Қазселденқорғау» ММ, «Казгидро» ЖШС, «Базис констракшн» ЖШС, Қытай Халық Республикасынан Су шаруашылығы, Сыртқы істер, Экологиялық орта министрліктерінің, Реформалар және даму ұлттық комитеттің, Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының басшылығы мен өкілдері қатысты.null

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы Алматы облысына жұмыс сапары барысында 2013-2020 жылдар ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының «Қорғас» ШЫХО селден қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды.

null

Соңғы жаңалықтар