+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

«Қорғас» орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды

2020 жылғы 13 ақпан 18:41
Бөлісіңіз:
«Қорғас» орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Короновирус індетіне байланысты «Қорғас» орталығын жабу мерзімі тағы да ұзартылды. Қытайдың тауары саудаланатын жер енді ақпанның соңына дейін істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус үшін шекараны жабу тиімсіз – Le Figaro Аман-саумын – Джеки Чан коронавирус жұқтырғанын теріске шығарды Коронавирус: Фейк ақпараттар жылдам тарап жатыр

«Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды. Осы жайтқа байланысты енді уақыт мерзімі ақпанның соңына дейін ұзартылды.

Айта кету керек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасына сәйкес бұл уақыт аралығында «Қорғас» ХШЫО-ның ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлығына белгілі, ол жерде біраз проблемалар бар. Тұрғындар халықтың көптігі салдарынан, кептеліс туындап, түрлі қиындықтарға тап болатынын айтқан еді. Қазір «Қорғас» орталығының жаңа басшысының алдында өткелді жаңғырту тапсырмасы тұр», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қорғас» орталығының 15 ақпанға дейін жұмысын уақытша тоқтатқанын хабарлаған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT