«Қорғас» құрғақ порты басшысы: Біз Шығыс пен Батысты жалғастырамыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан журналистері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырған баспасөз-туры аясында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрғақ порты аумағында болып, оның жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Құрғақ порт -  арнайы экономикалық аймақтың басты элементі әрі Қазақстандағы бірінші жерүсті порты және Орталық Азиядағы ең ірі логистикалық парк саналады.

«Бұл жерде алты жол бар, оның үш рельсі Қазақстанға, ал үшеуі Қытайға тиесілі. Мұнда Қытайдың түрлі өңірлерінен жүк пойыздары келеді. Айта кетерлігі, қазақстандық темір жолдардың қытайлық жолдан айырмашылығы бар. Сондықтан дәл осы жерде қытай пойыздарынан қазақстандық пойыздарға жүкті ауыстырып тиеу жүргізіледі. Мұнан ары қазақстандық пойыздар жүктерді Орталық Азияға, Еуропаға сондай-ақ, Иран, Түркия және өзге де елдер сынды түрлі бағыттарға жеткізеді. Адамдар менен жаңа Жібек жолы туралы, Батыс Қытай мен Батыс Еуропаны қосу жайында сұраған кезде мен осы жерді көрсетемін. Осы жерде Шығыс Батыспен кездеседі», - деді «Khorgos Gateway» компаниясының бас директоры Карл Гейсен.

null null  

Оның айтуынша, терминалдың жұмыс істегеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта құрғақ порт жоба саналмайды. Күн сайын бұл жерде бірден үш және одан да көп пойыздан жүктер алмастырылып тиеледі.

«Біз өзіміздің алғашқы операцияларымызды бастаған сәттен бері 70 мыңнан астам ДФЭ (жүк тасымалдайтын көлік құралдарының сыйымдылығын өлшеудің шартты бірлігі, жиырма футтық эквивалент) өткіздік. 2020 жылға қарай біз контейнер айналымын 540 мың ДФЭ-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл өте маңызды, өйткені, Қазақстан әлемнің логистикалық картасының дәл орталығында дәл осындай көрсеткішті мақсат тұтып отыр», - деді Карл Гейсен.

Айта кетерлігі, Қытай темір жолдары болжамдары мен ҚХР-дың ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес ҚХР - ЕО бағытындағы контейнерлік жүк көліктерінің саны 2020 жылға қарай жылына 5000 мың бірлікке немесе шамамен 500 мың ДФЭ-ге жететін болады. Бүгінгі күні аталған бағыт бойынша 2016 жылы шамамен 95 мың ДФЭ-ге өткізу күтілуде. Салыстыра кету үшін, 2011 жылы темір жолмен 1100 ДФЭ тасымалданған. Ляньюньганнан Санкт-Петерборға дейін темір жол бағдарымен транзиттің жалпы уақыты 10-нан 13 күнге дейін,  Ляньюньганнан Ыстамбұлға дейін 20-дан 23 күнге дейінгі уақытты алады. Шығыс Қытайдан Еуропаға дейінгі темір жол бағдары бойынша транзиттің жалпы уақыты 14-15 тәулікті алады.

null  

«Мен мына бір ерекше жайтты айрықша атап өткім келеді. Сіздер менің костюмымнан шетелдік логотипті көріп отырсыздар, ағылшын тілін естіп жатырсыздар. Сіздердің бұл жерде көріп отырғандарыңыздың барлығын да қазақстандықтар жасаған. Мына крандар, үлкен құрал-жабдықтар - бұлар бүкіл әлемдегі ең жоғары санаттағы құрал-жабдықтар және олардың барлығымен қазақстандықтар жұмыс істейді. Бұл Қазақстан қаржыландыратын, қазақстандық жоба. Бұл жобада жұмыс істеп жатқан адамдардың 99 пайызы қазақстандықтар», - деді Карл Лейсен.

«Khorgos Gateway» бас директорының айтуынша, компания Панфилов ауданы әкімдігімен келісімшарт жасасқан кезде құрғақ портта жұмыс істейтін қызметкерлердің 80 пайызы жергілікті тұрғындар болуы қажет деген шарт болған.

«Біз өзіміздің уәдемізде тұрдық. Бұл жерде жұмыс істейтін адамдар барлық операцияларды жүзеге асырады. Олардың барлығы қазақстандықтар емес, дегенмен, жергілікті қазақтар да бар. Кейде адамдар менен осынау үлкен машиналармен, крандармен жергілікті жұмыстарды атқаруға қалай үйреттіңіз деп сұрап жатады. Біз оқыттық, үйреттік және оқытуды жалғастырып та жатырмыз. Біз  бүкіл дүниежүзінен шетелдік сарапшыларды адамдарымызды оқытып, үйретуі үшін осы жерге әкелдік. Сонымен қатар біз өз қызметкерлерімізді тренингтен өтулері үшін шетелге де жіберіп тұрамыз. Біздің кейбір қызметкерлеріміз тренингке қатысу үшін Үндістан мен Дубайға барып қайтты», - деді ол.

Айта кетерлігі, құрғақ портқа логистикалық аймақ та кіреді. Бұл жерде көтерме сауда қоймалары, сату және сақтау базалары орналастырылған. Ал Индустриалды аймақта ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және ауыр өнеркәсіп салаларының өндірісі орналастырылады. Қазіргі уақытта құрғақ порттың салынып біткен индустриалды және логистикалық аймақтары пайдалануға берілген.

«Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы ҚР Президентінің 2011 жылы 29 қарашада жарық көрген Жарлығымен Қазақстанның Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған. 

null  

Соңғы жаңалықтар