«Қорғас ісі» - ҚР Жоғарғы Сотының түсініктемесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Время» газетінде ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәмидің сот жүйесінің 2014 жылғы жұмысы бойынша қорытындылары жөнінде берген сұхбаты жарық көрді.

Жоғарғы Сот төрағасы өткен жылдың ең күрделі әрі есте қаларлық істерінің арасында «Қорғас» ісін атап өтті. Аталған процесс бойынша істің тек көлемі ғана 1576 томнан тұрады, соның ішінде айыптау қорытындысы 70 томды құрайды.

Сот алдында бір уақытта 45 адам, соның ішінде ҰҚК мен кеден қызметінің жоғары өкілетті қызметкерлері жауап берді. Олардың ішінде 20 адам аса ауыр, қалғандары - ауыр қылмыстарды жасауда айыпталды.

Іс бойынша 160-тан астам сот отырысы өткізіліп, жүздеген куәгерлер сұралды. Сотқа айғақ дәлелдердің аса ауқымды санын зерттеп, келіп түскен көптеген өтінім хаттарды саралауға тура келді.

Сондықтан судьялар, және бірінші кезекте, төрағалық етушіге кәсіби білімнен басқа үлкен психологиялық тұрақтылық, аса жіті назар аудару, шыдамдылық пен төзімділік қажет етілді. Менің пікірімше, судья бұл міндетін абыроймен атқарды.

Істі басқа инстанцияларда қарау объективтілігі бойынша. Өздеріңіз білетіндей, аталған істің басты фигуранттары бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзімдеріне кесілді.

Сот үкімінің заңдылығын 2014 жылдың тамыз айында апелляциялық инстанция тексерген. Үкім бір сотталушыға қатысты ғана өзгерген, оған нақты мерзімнің орнына шартты түрдегі мерзім берілген. Бұл шешім оның қылмысқа тартылу дәрежесін ескеріп, шығарылды.Сот үкімі бүгінде заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар