Қорғаныс вице-министрі Арыстағы соңғы жағдай туралы: Үш қауіпті ошақ бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласындағы жарылыстың салдарынан үш жерде өрттің әлі де қауіп тудырып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Қорғаныс министрлігі иен полиция күштері қалаға периметер бойынша күзет жүргізіп жатыр. Әскери адамдардан 650 адам күндіз күзет қызметін жүргізеді. Сондай-ақ, 150 әскери техника пайдаланылауда. 150-ден астам сапер қаланың ішінде миналар мен снарядтарды залалсыздандыруда. Саперлар қаланың ішін теміржолдың бойымен тазалап, біршама жұмыс жүргізді. Әуеге біз үш әуе құрылғысын жіберіп, мониторинг жүргізіп жатырмыз», - деді Бақыт Құрманбаев «Хабар 24» арнасында тікелей эфир кезінде.

Вице-министр жарылыстың себебін анықтау үшін зерттеу мен процессуалдық шаралар жүргізіліп жатқанын, бірдеңе деуге әлі ерте екенін жеткізді.

«Бірінші адам көлікпен келе жатқанда үстіне снаряд құлап, қаза болған. Екінші адам өртті өшіріп жүрген кездінде мерт болды. Қалған жайдардың бәрі анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ең біріншіден саперлер жұмыс істеп, снарядтарды теріп, жинап, қаладан шығаруда. Қазір үш жерде өрт қаупі сақталуда. Жарылыс болып жатқан жоқ», - деді ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды.

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде кеше «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Соңғы жаңалықтар