+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікпен ұсталды

2020 жылғы 4 ақпан 11:48
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында спорт алаңына бөлінген ақшаны жымқырған ауыл әкімі сотталды БҚО-да жол инспекторлары жүйелі түрде пара алу күдігіне ілінді Биыл пара алған 16 полиция қызметкері ұсталды - ІІМ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі», - делінген таратылған апаратта.

Ведомство мәліметінше, қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруға, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге және жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті жоғары лауазымды шенеунік жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан қомақты мөлшердегі параны жүйелі алу күдігіне іліккен.

«Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді. Осы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деп атап өтеді жемқорлыққа қарсы қызметтен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT