+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігінің басқарма басшылары 92 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

2020 жылғы 26 маусым 20:20
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігінің басқарма басшылары 92 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында әскери ғимарат құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру күдігімен басқарма өкілдері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтып берді.

«Қарағанды облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қорғаныс министрлігі ҚР Қарулы күштерінің әскерді пәтерге орналастыру бас басқармасы капиталды құрылыс басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар іс жүзінде орындалмаған жұмыс ауқымы үшін орындалған жұмыс актісіне қол қою арқылы «Жезқазған қаласының жеке радиолокациялық ротасының кешенді ғимараты» нысанының құрылысына бөлінген 92 млн теңгені жымқыруда күдікті болды», - деді Д. Бигайдаров Facebook желісінде өткен онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабы 1 бөлігіне сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT