+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық орталығы 50 жылдығын атап өтті

2019 жылғы 1 қараша 17:41
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық орталығы 50 жылдығын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық орталығы бүгін мерейтойын атап өтті. Осыған байланысты мерекелік шара ұйымдастырылып, онда әскери медецинаның дамуына өлшеусіз үлес қосқан мамандар мен орталықтың жетістіктері айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталықтар өз ісінің шебері, білікті әскери дәрігерлер мен ғалымдар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл жерде 50 қызметкер, 11 сарапшы, 9 оқытушы мен жоғары санатты 6 дәрігер қызмет етуде. Екі қызметкер медицина ғылымының кандидаты ғалым дәрежесін иеленсе, бір PhD дәрігер бар.


Орталық Азияда теңдесі жоқ әскери медицина орталығының тарихы 1969 жылдың 1 қарашасында Алматы қаласында Ортаазиялық әскери округінің округтік сот-медициналық зертханасы құрылғанда басталды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оны ҚР ҚМ Орталық медициналық зертханасы деп атады. Ал 2010 жылы мекемеге қазіргі атау берілді.

Мекеме әскери медицина саласында қосымша білім беруді қамтамасыз етеді,біліктілікті арттыру және курстық даярлау саласындағы ұйымдастыру және оқу-әдістемелік жұмыстарға жауап береді, Қарулы күштердің медициналық құрамына әскери-медициналық даярлықта, сот-медициналық, патологоанатомиялық, химиялық-токсикологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.


2011 жылдан бастап оның құрамына Қазақстан Қарулы күштері медицинасы құрамындағы интернатура қосылды. Бұдан басқа, орталық ІІД, Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне медициналық көмек көрсетуді үйретеді.


Ұжым өзінің жетістіктерін мақтан етеді. Жыл сайын нұсқаушы-оқытушы құрамы әскери-медицина эсатфета бойынша халықаралық сайыстарға қатысу үшін Қарулы күштердің құрамын дайындауға қатысады. 2019 жылы біздің дәрігерлер құрамын ІІ орынға ие болды.

Оқытушылар құрамы БҰҰ миссиясы үшін бітімгершілік дайындауға қатысады. Медициналық қызмет подполковнигі А. Асылханов және Б. Халмуратов және аға сержант Ә. Оразханов Ливанға аттанар алдында бітімгершілік ротасының әскери-медициналық дайындығына қатысты.


Тәжірибе мен білімге қарамастан, әскери медицина орталығы әрдайым даму үстінде. Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы 5 жылдық ынтымақтастық жоспары негізінде осы жылы ол жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсету бойынша ITLS халықаралық курсын сертификаттаудан өтіп, аталған курстарды өткізуге арналған заманауи құрал-жабдықтар алды. Ал барлық нұсқаулық-оқытушылар құрамы-халықаралық үлгідегі its нұсқаушыларының сертификаттары бар.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT