Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарында қызмет ететін педагогтердің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, енді Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;

- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;

- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

«Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен сомасы 1,6 млрд теңге қаржы шығындарын қажет етеді. Жобаның негізгі мақсаты - жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын тиісті мәртебелері бойынша азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін арттыру», - деп Үкімет қаулысына түсіндірме берген Қорғаныс министрлігі.

Ашық НҚА порталында жарияланған құжат 19 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар