Қорғаныс министрлігіндегі өрт неден шығуы мүмкін – ведомство болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Telegram каналы арқылы ведомство ғимаратында өрттің неден шығуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 29 қазан күні сағат 13.25-те Қорғаныс министрлігі ғимаратындағы кабинеттердің бірінде офистік жиһаздан өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша оттың шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болып отыр»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Өрт толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Тексеріс жүргізілу үстінде.

Осыған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі ғимаратынан өрт шығып, 10 шаршы метр аумақта жиһаз жанып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар