Қорғаныс министрлігінде баспанамен қамтамасыз ету бойынша қабылдау өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т. Мұхтаров әскери қызметтен запасқа босатылған адамдармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылдау барысында Қорғаныс министрінің орынбасары еңбек өтілі 10 жылдан асатын, бірақ 20 жылдан кем әскери қызметтен запасқа босатылған әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз ету шеңберінде қолданыстағы тұрғын үй заңнамасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Министрдің орынбасары запасқа босатылған адамдардың ұсыныстарын тыңдап, олар тұрғын үй қарым-қатынасы мәселелері бойынша Заң жобасына әрі қарай енгізіле отырып, ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралатынын атап өтті.

Өткен жылдан бастап баспанамен қамтамасыз етудің жаңа моделі енгізілгенін естеріңізге сала кетейік. Оның аясында 37 мыңнан аса әскери қызметші жеке арнайы шоттар мен депозиттер ашты, 2 мыңнан аса отбасы еліміздің түкпір-түкпірінде жекеменшік баспанаға ие болды. Қарулы Күштердің тұрғын үй қорында тұратын 30-дан аса зейнеткер Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Аягөз, Арыс, Сарыөзек, Семей, Талдықорған, Өскемен, Шымкент қалаларында жекешелендіруге жататын баспаналарын ауыстырды.

Әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді баспанамен қамтамасыз ету тәртібі туралы қосымша қажетті ақпарат Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz ресми ресурсының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімінде орналастырылған. Қорғаныс ведомствосының сайтында көрсетілген «қауырт желінің» нөмірлеріне қоңырау шалып, онлайн консультация алуға болады.

Соңғы жаңалықтар