Қорғаныс министрлігінде әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың басшылығымен әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР Қауіпсіздік кеңесі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Отырысқа ҚР Қауіпсіздік кеңесі, ҚР Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Жиын барысында әскери бағыттағы спутниктік байланыс және технологиялар навигациясы жүйесін енгізу, ұшқышсыз ұшу кешендерін шығару және жасауға бірыңғай талаптарды белгілеу, оларға қызмет көрсететін және қолданатын мамандарды даярлау, Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың байланыс құралдарын дамыту, сондай-ақ Каспий теңізіндегі жағалық инфрақұрылымды жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмаларын іске асыру үшін бірыңғай тәсілдер әзірленді.

Ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызығушылығын тудырған ұсыныстар кеңестер пысықталды.

Айта кеткен жөн, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы ҚР Қауіпсіздік кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган.

Комиссия отырысы жұмыс жоспарына сәйкес жылына екі рет өткізіледі. Онда мемлекеттік әскери ұйымдарының болашақтағы дамуы мен мәселелері қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар