Қорғаныс министрлігі жойғыш ұшақ апатын тексереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 сәуірде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының авиациялық оқу-жаттығу орталығында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ экипажы шығарылды, ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілді», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .


Соңғы жаңалықтар