Қорғаныс министрлігі жемқорлықпен ұсталған қызметші туралы: Ол жұмыстан шығарылған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлес жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агентігінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұстаған адам, Қорғаныс ведомствосындағы жұмыстан шығарылған.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері пара алды деген күдікпен Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қызметшіні ұстады. Аталмыш азамат бұған дейін қорғаныс ведомствосынан жұмыстан шығарылған.

ҚР ҚӘПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Әскер өмірінде жемқорлықты жою үшін Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кез келген жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінгені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар