+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігі Шымкенттегі әскери қызметшінің өліміне қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 24 ақпан 18:28
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігі Шымкенттегі әскери қызметшінің өліміне қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс миинстрлігі Шымкенттегі әскери қызметші мен оның ағасының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында маска тегін таратылды Шымкентте шектеулерге бағынбаған кәсіпкерлер үш тәулікке қамалды Шымкенттен елорда мен Алматыға қатынайтын автобустар тоқтатылды

«Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде жалдамалы пәтерде әскери қызметші мен оның ағасы жазатайым оқиғадан көз жұмды. Әскери қызметші № 556/52 әскери бөлімінің офицері болған, оның ағасы – Шымкенттегі «Гипер Хаус» сауда орталығында сатушы болып жұмыс істеген. Яғни, бірқатар БАҚ хабарлаған екі әскери қызметшінің өлімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болған», - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, Шымкентте екі адамның иістен уланып, көз жұмғаны хабарланған еді.

«Қазтрансгаз Аймақ» АҚ мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін түнде Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Таңғы сағат 07:51 шамасында ТЖД кезекші бөліміне 24/4 үйдегі 83-пәтерден 2 адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Алдын ала болжам бойынша, 1994 және 1992 жылы туған екі адам газдың иісіне уланып қаза болған. Оқиға орнына жеткен апаттық бригада тексеру барысында асханада 2 конфорлы газ плитасы мен «DUBAI» су жылытқышы орнатылғанын анықтады. Алайда су жылытқыш пештің түтін шығаратын құбыры (гофра) ажырап кеткен. Қазір екі тұрғынның өліміне нақты не себеп болғаны анықталуда» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT