+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қорғаныс министрлігі Норвегияда қаза тапқан майдангерлерге қатысты сұрау салды

2020 жылғы 11 ақпан 15:09
Бөлісіңіз:
Қорғаныс министрлігі Норвегияда қаза тапқан майдангерлерге қатысты сұрау салды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі РФ Қорғаныс министрлігінің архивіне қазақ жерінен аттанған майдангерлерге қатысты сұрау салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге ақшалай көмек қандай мөлшерде болады

Жақында Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Парламент Сенатының депутаттары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. Сенаторлар Норвегия Корольдігінде қаза тапқан Қазақстан жауынгерлерінің туған жерін анықтауды және еліміздің дипломатиялық елшілерімен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуді, анықталған деректерді жастарға патриоттық тәрбие ретінде ақпарат көздерінде таратуды қарастыруды сұраған.

Қорғаныс министрлігі депутаттық сауалды қарап, РФ Қорғаныс министрлігінің архивіне Норвегия Корольдігінде сарбаздардың мәйіттер жерленген орындарды анықтау бойынша сұрау салған. Сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары Петсамо-Киркенесск операциясына қатысқандарды, қаза тапқан Қазақстан сарбаздарының саны бойынша мәліметтерді іздестіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырып отыр.

«Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың тағдырлары туралы мақалаларды қазақстандық және норвегиялық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан жауынгерлерінің жаңа есімдерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу және құжаттарды зерттеу бойынша Қазақстанның зерттеуші ғалымдары Г.М. Меңдіқұловпен, А.Ж. Ғабдуллинмен өзара іс-қимыл жасау ұйымдастырылуда. Жаңа есімдердің табылуына қарай қаза тапқандардың туыстарын іздестіру жұмыстарын жүргізуге, анықталған деректерді жастарға патриоттық тәрбие ретінде ақпарат көздерінде таратуға дайын екенімізді хабарлаймыз», - делінген сенаторларға Қорғаныс министрлігінің берген жауабында.

Айта кетсек, Петсамо-Киркенесск операциясы – СССР әскери-теңіз флотының Солтүстік және Карель фронтының вермахт әскеріне жасалған әскери шабуылы. Айқас Финляндияның солтүстігі мен Норвегияның солтүстігінде 1944 жылдың 7 қазаны мен 1 қарашасы аралығында болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT