Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Түркияның әскери техникасын салыстырды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі түркиялық «ARMА» техникасы мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы шығаратын «БАРЫС»-тың айырмашылықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сынақтан өткізген кезде «БАРЫС» брондалған дөңгелекті машинасының жауынкерлік модулі мен оның дөңгелектер базасы сипаттамада көрсетілген мәліметтермен сәйкеспейтіні белгілі болды және конструктивтік өзгерістерді қажет ететіні анықталды.

«БАРЫС» техникасы қозғалтқыштың тарту күші жетіспеуінен арықтан өте алмай қойды. 2021 жылы жүргізілген сынақ «БАРЫС» бронды дөңгелекті машинасының жүріс бөлігінде, мотор-жетек бөлігінде, салқындату жүйесінде ақаулар көп екенін көрсетті (жүріс кезінде қозғалтқыш қайта-қайта қызып кетіп отырды)», - деп жазылған министрліктің БАҚ-та жарияланған мақалаға берген жауабында.

Сондай-ақ ведомство мамандары түркиялық технологиямен жасалған «ARMА» техникасы мен «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы шығаратын «БАРЫС» техникасының айырмашылығына тоқталады.

«Аспақ жүйесін конструкциялау кезінде кеткен қателіктердің салдарынан «БАРЫС» брондалған дөңгелекті машинасының дөңгелектері ағытылып кете береді, тежеуіштің суппорты тез қызады. Бұл тежеуіш жүйенің тиімділігін азайтады.

«ARMА» сауытты дөңгелекті машинасын жауынгерлік сынақтан өткізген кезде жүріс бөлігінде айтарлықтай ақаулар байқалған жоқ.

«БАРЫС» сауытты дөңгелекті машинасындағы «Ансар» атыс модулі дәлдік жөнінен айтарлықтай қалыс қалып жатты. 2А72 зеңбірегінен атқан кездеде, оптикамен, монитормен жұмыс істеген кезде де ақаулар тіркелді», - деп жазылған министрліктің түсіндірмесінде.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қайелдің пилотсыз ұшатын аппаратарын пайдаланып жүргені туралы мәлімет берген болатын.


Соңғы жаңалықтар